18.11.2026
Түркістан облысы
55
Түркістан облысында орналасқан «Қарқын-2030» ЖШС кәсіпорнында халал талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Тексеріс жұмыстарын «Халал Даму» мекемесінің мамандары Айтмұхан Айтқожаұлы мен Айжан Қалмаханқызы, сондай-ақ Шымкент қаласы бойынша жергілікті бақылаушы өкіл Қазбек Сарыбаев жүргізуде.
Тексеріс барысында кәсіпорынның өндірістік үдерістері, қолданылатын шикізаттардың құрамы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы және халал стандарттарына сәйкестігі назарға алынуда.
«Халал Даму» – адал өнім мен сапалы өндірістің кепілі!