ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

19.10.2026

Түркістан облысы

40

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРІС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында «Халал Даму» мамандары тарапынан халал куәлігі бар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат пен өнім құрамының халал талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы назарға алынады.

Мұндай бақылау жұмыстары халал стандарттарының тұрақты сақталуын қамтамасыз етуге, өнім сапасын бақылауға және тұтынушылардың сенімін нығайтуға бағытталған.

«Халал Даму» мамандары кәсіпорындардың қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу арқылы халал талаптарының орындалуын қадағалауды жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?