08.04.2026
Түркістан облысы
241
Түркістан облысы аумағында халал стандарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында бірқатар кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындарында жоспарлы аудит жұмыстары жүргізілді.
Аудит барысында төмендегі нысандар тексерістен өтті: «Қарқын-2030» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «Каусар» шайханасы, «Chak-Chak» шайханасы, «Maki-Maki Абай», «Maki-Maki Сарыағаш», сондай-ақ «Maki-Maki Ленгер» тамақтану орындары.
Тексеру кезінде өндіріс үдерістері, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау және сақтау шарттары, санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуы бақылаудан өткізілді. Аудит нәтижесінде кәсіпорындарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халал стандарт талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді.