ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ
Жаңалықтар

06.11.2026

Талдықорған

9

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІК БОЙЫНША ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» мекемесінің технолог маманы Жансая Есіркеген Талдықорған қаласындағы бірқатар кәсіпорында жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында ЖК «Серікбек», ЖК «Нарат», ЖК «BALSHEKER», ЖК «Куздикбаева», ЖШС «Сәттісі», ЖК «Шенгелбаев», ЖК «Мусатаева М.К.», ЖК «Карабатырова», ЖК «Әдемі», ЖК «Асылбекова Бакытжан Жарылкасыновна», ЖШС «Lanzhou Company», ЖШС «Ляззат-2016», ЖШС «Sauda-LUX» және ЖШС «BALMeken SB» кәсіпорындары қамтылды.

Бақылау жұмыстары аясында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері, пайдаланылатын шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өнімдердің сақталу шарттары және санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы назарға алынды.

Сонымен қатар кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының талаптарын сақтау және өнім сапасын тұрақты бақылауда ұстау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Халал Даму» мекемесі халал өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау және қадағалау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Чем я могу Вам помочь?