16.02.2026
Талдықорған
87
Талдықорған қаласындағы “Balsheker” фастфуд өнімдері сертификатталды.
Кәсіпорын халал сертификатын жаңартып, өз қызметін шариғат талаптарына толық сәйкес жүргізетінін растады. Жаңартылған сертификат асханаға халал талаптарына сай тағам өнімдерін өндіруге және тасымалдауға мүмкіндік береді.
Бұл құжат кәсіпорынның халыққа тек адал, шариғат қағидаларына сай дайындалған өнімдерді ұсынатынын айғақтайды. Алдағы уақытта да кәсіпорын халал стандарт талаптарын сақтап, тұтынушылар сенімін нығайту бағытында жұмысын жалғастырады.