ӨЗБЕКСТАНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Жаңалықтар

24.04.2026

Өзбекстан, Ташкент

110

ӨЗБЕКСТАНДА АУДИТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    Өзбекстан Республикасындағы тексеріс жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. 20-ға жуық кәсіпорында жоспарлы аудит жүргізіліп, олардың қатарында Tanho ЖШҚ, Candy Gold LLP, «ISKO» ЖШҚ және басқа да өндірістік нысандар қамтылды, сонымен қатар куәлік алуға өтініш білдірген нысандарға да аудит жұмыстары жасалды.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік үдерістері толықтай зерделеніп, шикізат көздері, қолданылатын қоспалар, сақтау және тасымалдау шарттары, санитарлық-гигиеналық талаптар, сондай-ақ халал стандарттарының орындалу және шариғат талаптары деңгейі жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өндіріс барысында жіберілуі мүмкін кемшіліктердің алдын алу мақсатында нақты ұсыныстар берілді.

Бұдан бөлек, кәсіпорын өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырылып, халал стандарттарының негізгі қағидалары мен шариғат талаптары, куәлік беру талаптары мен ішкі бақылау жүйесін тиімді жүргізу жолдары кеңінен түсіндірілді.

Аталған аудит және семинар жұмыстарын мамандарымыз Қазбек Сарыбаев, Жанат Ахметқызы және Гүлмира Маратқызы бірлесіп өткізуде. Жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, өңірдегі кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін арттыруға бағытталмақ.

Телефон WhatsApp