ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Жаңалықтар

10.07.2026

Өзбекстан, Ташкент

104

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында орналасқан “BOOST FOOD” ЖШС кондитерлік цехына «QMDB HALAL» халал куәлігі табысталды.

Куәлік табыстау рәсімі барысында кәсіпорын ұжымы мен қонақтарға «QMDB HALAL» стандартының маңыздылығы, халал өнімнің ерекшелігі және халал тұтыну мәдениетін қалыптастырудың мәні жан-жақты түсіндірілді.

«Халал Даму» маманы Сарыбаев Қазыбек “BOOST FOOD” кондитерлік цехына «QMDB HALAL» халал куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

«QMDB HALAL» стандартына сәйкес берілетін халал куәлігі кәсіпорын өнімдерінің және өндіріс процесінің шариғат талаптары мен халал стандарттарына сай екенін растайды. Халал талаптарының тұрақты сақталуын қамтамагасыз ету мақсатында кәсіпорындарда жоспарлы бақылау және мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Телефон WhatsApp