27.04.2026
Маңғыстау облысы
38
Жаңаөзен қаласында орналасқан бірқатар кәсіпорындарда жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Maki Maki» фастфуд орталығы, «Жаңаөзен сүт зауыты», «Берекет халал ет» және «Ризық» кәсіпорындары қамтылды.
Тексеру барысында кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігі, өндірістік процестердің ұйымдастырылуы, санитарлық-гигиеналық жағдайы және қолданылатын шикізат сапасы жан-жақты қаралды.
Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар беріліп, халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да мұндай тексеріс жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады