12.03.2026
Жамбыл облысы
41
Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан қасапханада халал талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тексеріс жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында мал сою процесі, қолданылатын құрал-жабдықтардың тазалығы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және өндірістік аймақтағы жалпы тәртіп жан-жақты қаралды. Сонымен қатар малды сою кезіндегі халал талаптарының сақталуы, шикізатты сақтау жағдайы мен қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі бақылаудан өтті.
Тексеріс кезінде қызметкерлердің жұмыс барысындағы жеке гигиенасы мен өндірістік талаптарды сақтау деңгейіне де ерекше назар аударылды. Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарын тұрақты ұстану және өндірістік бақылауды күшейту бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді.
Аталған тексеріс тұтынушыларға ұсынылатын ет өнімдерінің халал талаптарына толық сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.