ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

18.03.2026

Жамбыл облысы

30

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АС – ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында танымдық семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында адал тағамның маңыздылығы, шариғат талаптарына сай өнімдерді таңдау жолдары және халал стандарттарының негізгі қағидалары кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті әрі пайдалы мәліметтер алды.

Іс-шара барысында адал ас ұғымының тек тағаммен шектелмейтіні, оның әрбір мұсылманның өмір салты мен жауапкершілігінің ажырамас бөлігі екені атап өтілді.

Семинарды Аймекен Амангелдіқызы мен Жанат Амірханқызы жүргізді.

Телефон WhatsApp