14.11.2025
4
«Халал Даму» ұйымының технологы Мейіржан Бауыржанұлы, Жамбыл облысы бойынша өкіл Аблайхан Ғабитұлы және жергілікті технолог Аймекен Амангелдіқызы өңірдегі кәсіпорындарға жоспарлы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында нысандардың шариғат талаптарына сәйкестігі, санитариялық-гигиеналық тазалық деңгейі, құжаттамалар мен өндіріс үдерістерінің халал стандарттарына сай орындалуы қаралды.
Атап айтқанда, «Chefstar», «Daily Food», «Tary», «Nauat», «Adal Chicken», «Аль-Каусар» (Қонаева), «Аль-Каусар» (Жайлау), «Muslim», «Marvarid», «Kish-mish», «Ristretto», «Nanduk», «Abayas» дәмханалары, сондай-ақ «АсКөп» жартылай дайындалған өнімдер цехы, «Aq Altyn», «Жуалы» сүт зауыты, «ТиМ», «Сатыбалды» шұжық өндірісі тексерілді.
Тексеріс барысында технологтар өндіріс орындарын аралап, шикізаттың тазалығы, құрал-жабдықтардың жарамдылығы, бөлмелердің санитариялық талаптарға сәйкестігі және халал талаптарының сақталуын қадағалады. Кейбір кәсіпорындарда анықталған ескертулер кәсіпорын басшылығына жеткізіліп, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, тексерістің оң нәтижесін көрсеткен бірнеше кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.






