Қасапшылардың кезекті оқу-семинары өткізілді
Осы аптаның бейсенбі күні Алматы қаласының орталық мешітінде ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның қасапшыларға арналған "Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс" атты кезекті оқу-семинары өтті. Семинарға ҚМДБ "Халал даму" ЖШС-нің директоры Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуә" бөлімінің қызметкері Бауыржан Абдуәлиұлы, Алматы орталық мешітінің наиб имамы және Алматы қаласының қасапшылары қатысты. Қасапшыларға малды бауыздау рәсімі шариғатымыздан алатын орны жайында, бұл істің қазіргі таңда аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтілді. Осы оқу семинарына қатысушы қасапшылардың саны артып келуде. Оқу семинарын тамамдаған қасапшылардың білімдері сыналып, арнайы емтихан тапсырды. ҚМДБ тарапынан қасапшыларға алғыс айтылып, әрқайсысына Сертификат пен жеке бас мөрі табысталды.
ҚМДБ "Халал өнімдерді стандарттау" бөлімі
















