Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

01 мартa 2016

52

Новости

Магистранттар Малайзия елінде іс-тәжірибеден өтіп қайтты (ФОТО)

ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің ұсынысымен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Биоресурстар және технология» факультетінің «Тағам қауіпсіздігі» мамандығының «Халал өнімдерін өндіру технологиясы» траекториясы бойынша білім алып жатқан төрт магистрантымыз Малайзия елінің Путра университетінде (UPM) 15-25-ші ақпан аралығында 10 күндік іс-тәжірибеден өтіп келді. Іс-тәжірибе жинақтау барысында магистранттар «Тағам инженериясы» факультетінде және Халал Өнімдерін Зерттеу институтында заманауи әдіс технологияларымен танысып, зертханаларда тәжірибелік зерттеулер жүргізді және шетелдік білікті мамандарымен пікір алмасу арқылы тәжірибе жинақтап келді. Айта кетер тағы бір жайт, бір магистрантымыз Словакияда білімін жетілдіріп жатыр. IMG-20160229-WA0005

Поделиться: