Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

12 октября 2015

61

Новости

Халал кәсіпорындарға сертификат берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Діни басқарманың сертификатын табыстады. «Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта халал өндірісті дамыту өте маңызды. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз», – деді «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев өндіріс ошақтарының басшыларымен кездесуінде. «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі ЖК «Қазаққиа», ЖШС «SULU», ЖШС «DARILIFE» кәсіпорындарына Діни басқарманың сертификатын берді. dsc_0587 dsc_0585 dsc_0577

Поделиться: