Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

03 мартa 2016

47

Новости

Халал өкілі студенттермен жүздесті

ҚМДБ бағыттарының бірі халал түсінігін ел арасында насихаттау болатын. Алматы қаласы имамы Нұрбек қажы Есмағанбет аталмыш бағытқа мейлінше көңіл бөліп, қала имамдары арасында аталмыш тақырып аясында бірнеше семинарлар мен басқосулар өткізген болатын. Діни басқарманың халал стандарттау бөлімінің Алматы қаласы бойынша өкілі Елжанов Ануар Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университеті электрондық журналистика факультетінің студенттерімен жүздесті. Оқу орнының студиясында ток шоу фарматында өткен кездесуде Әнуар Ізімбайұлы келген қонақтарға халал жайлы жалпы мағлұмат беріп, Діни басқарма арнайы әзірлеген «Халал туралы түсінік» кітабын келушілерге сыйға тартты.

Поделиться: