Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

10 октября 2025

7

Новости

АЛМАТЫ ОБЛ.: «PAKNAR» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы облысындағы «Paknar» кондитерлік тағам қоспаларын өндіретін кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертифткатты «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков табыстады. 

Сертификаттау барысында кәсіпорынның шикізат жеткізушілері, өндіріс желісі, қойма және дайын өнім бөлімдері толық тексерістен өтті. Барлық өндірістік үдерістер мен пайдаланылатын қоспалардың құрамы мұқият зерттеліп, шариғат талаптарына және халал стандарттарға толық сәйкестігі расталды.

«Paknar» өкілдері алдағы уақытта да халал стандарттарын тұрақты түрде сақтап, тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды мақсат ететіндерін жеткізді. Өз кезегінде «Халал Даму» өкілі кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптары мен өндірістегі тазалық қағидалары туралы оқу-семинар өткізіп, халал өндіріс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.





Поделиться: