АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ
Алматы облысындағы «Прима құс» және «Aiser» құс фабрикаларында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Өміржан Терлікбаев орындады.
Аудит барысында өндіріс орындарының «QMDB Halal» стандарты талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Атап айтқанда, құстарды сою процесі, шикізатты қабылдау және сақтау тәртібі, өндірістік цехтардың санитарлық-гигиеналық жағдайы, қызметкерлердің жеке гигиенаны сақтау деңгейі, сондай-ақ халал талаптарына сай құжаттамалардың жүргізілуі бақылауға алынды.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың жалпы жұмысы белгіленген стандарттарға сай екені анықталды. Сонымен қатар, бірқатар техникалық және ұйымдастырушылық бағыттар бойынша ұсыныстар беріліп, оларды белгіленген мерзімде орындау тапсырылды.




