АЛМАТЫДАҒЫ ІРІ ЗАУЫТТАР ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қаласындағы «Алматинский дрожжевой завод» және «Жигалма» сусын өндірісі тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті технологтар Әселхан Сәбитқызы мен Жансая Шалқарқызы орындады.
Тексеру нәтижесінде өндіріс орындарындағы технологиялық үдерістер, қолданылатын шикізат пен ингредиенттер, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы талапқа сай екені анықталды. Бақылау-қадағалау шаралары оң нәтижемен аяқталып, елеулі заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.



