Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

03 июля 2025

37

Новости

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Қарағанды қаласындағы кәсіпорында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Adal» ет дүкені, «Zakira tattilerі», «Umka bakery» кондитерлік цехтары, «Два пельменя» асханаы, «Parapa pizza», «Tez-tez plov», «Salemсhiсk», «Maki-maki», «Chicago», «Asуl sushi» фаст-фуд желілері, «Alaqai» жартылай фабрикаттары. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Амангелді Асқаров орындады.

Тексеріс барысында өндіріс орындарының халал стандарт талаптарына сәйкестігі жан-жақты қаралды. Сарапшылар санитарлық-гигиеналық жағдайды, өндірісте қолданылатын шикізат пен қоспалардың құрамын, дайын өнімнің қапталуы мен сақталу тәртібін мұқият тексерді. Нәтижесінде бірнеше кәсіпорында ұсақ техникалық олқылықтар анықталып, оларды жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.

«Халал Даму» мамандары осындай тексерістердің басты мақсаты — тұтынушыға шариғатқа сай, сапалы өнім ұсыну екенін атап өтті. Алдағы уақытта да аймақтағы халал кәсіпорындар тұрақты бақылауда болады», – дейді маманымыз.

Поделиться: