Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

28 октября 2025

17

Новости

ҚАРАҒАНДЫ: «BAUYRDAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласындағы «Bauyrdaq» дәмханасы «QMDB Halal» стандартының талаптарына толық сәйкес келіп, ресми түрде халал сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» мекемесінің жергілікті маманы Амангелді Асқаров табыстап, нысанда жүргізілген тексеріс қорытындысын таныстырды.

«Бақылау барысында дәмханадағы тағам әзірлеу үдерісінің әр кезеңі – шикізат пен азық-түлікті қабылдаудан бастап, сақталуы мен дайындалуы және тұтынушыға ұсынылуына дейінгі барлық процесс мұқият сарапталды. Барлық ингредиенттер мен өнімдердің шығу тегі тексеріліп, халал талаптарына сай екені анықталды. Кәсіпорын ұжымы халал стандарттарының ережелерімен арнайы таныстырылып, адал еңбек пен тазалық қағидаларын күнделікті тәжірибеде берік ұстанып келеді», – деген Амангелді Асқаров өз сөзінде «Bauyrdaq» дәмханасының адал өнім өндіру ісіне жауапкершілікпен қарағанын атап өтіп, алдағы уақытта да халал талаптарын тұрақты түрде сақтауына сенім білдірді.


Поделиться: