Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

04 ноября 2025

14

Новости

«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Ақтау қаласы, «Бекет ата» мешітінің әйел жамағатына «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы және технолог мамандар дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға халал өнімдердің маңызы, олардың шариғат талаптарына сәйкестігі, өндіріс процесінде сақталатын стандарттар мен бақылау шаралары кеңінен түсіндірілді. Әнуар Ізімбайұлы сөзінде халал өмір салтын ұстанудың рухани және әлеуметтік мәнін атап өтіп, отбасында және қоғамда тазалық пен дұрыс тағам тұтынудың маңыздылығын ерекше көрсетті.

Іздібай Бегенұлы қатысушыларға «Халал Даму» жүйесінің жұмыс принциптері, өнімдерді сертификаттау кезеңдері мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтар туралы ақпарат берді. Технолог мамандар нақты өндірістік мысалдар арқылы азық-түліктің халал стандарттарына сай дайындалу жолдарын көрсетті.

Семинар барысында жамағат тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, күнделікті өмірде кездесетін халал және харам мәселелеріне қатысты кеңестер ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, олардың білімін нығайтуға мүмкіндік жасалды.


Поделиться: