Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

13 августа 2025

35

Новости

ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен ұйымының жұмыс үдерістерін цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізілді. Басқосуда ұйым қызметін тиімді басқару, деректер базасын жетілдіру және қызмет көрсетуді автоматтандыру бағытындағы жаңа жобалар талқыланды.

Кездесу барысында ішкі процестерді оңтайландыру үшін заманауи ақпараттық жүйелерді енгізу, онлайн қызметтер аясын кеңейту және тұтынушылармен байланыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, Айбек Асқарбекұлы цифрлық технологияларды енгізу ұйым жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, сертификаттау және қадағалау үдерістерін жылдамдататынын атап өтті.

Поделиться: