Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

20 января 2026

74

Новости

ХАЛАЛ ДАМУ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен 2026 жылға бектілген жоспарға сәйкес «Халал Даму» мамандарына арналған республикалық семинар өтті. Жиынды ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай ашып, Бас мүфтидің сәлемін жеткізді.

Сондай-ақ, биыл алғаш рет Алматы қаласында өтетін «QMDB EXPO-2026» көрмесі халал саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, жаңа бастамалар мен нақты шешімдер ұсынылатын маңызды алаңға айналатынын жеткізді.

Ал «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы өз баяндамасында мекеменің алдағы кезеңге жоспарланған жаңа бастамалары мен жобаларына тоқталды. Атап айтқанда, халал талаптары бойынша кәсіпорындарға арналған оқыту-тренингтерін арттыру, бақылау жүйесін жетілдіру, өңірлерде ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ отандық халал өнімдерін шетел нарығына шығарудың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы жылға арналған нақты тапсырмалар мен міндеттер бекітіліп, әр өңірге арнайы іс-шаралар жоспары таратылды. Бұл құжаттар өңірлік өкілдердің жұмысын жүйелеуге және халал индустриясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталмақ.



Поделиться: