Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

16 сентября 2025

4

Новости

ИСПАНДЫҚТАР ЖАҢА ЖЕМІС ШЫҒАРДЫ

Испанияның BoomBites бренді Ұлыбритания нарығына Red Berry Grapes жүзімін шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Fruitnet ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ерекше жұмсақ жемістің дәмі тіл үйіреді. 

Британиядағы M&S және Ocado сауда желілерінде, сондай-ақ, Испаниядағы El Corte Inglés дүкендерінде тұтынушыларға ұсынылған Boombites Red Berry Grapes жемісі антоцианинға бай. Аттай он жыл бойы зерттеу нәтижесінде пайда болған жүзімнің жаңа сортының организмге пайдасы ұшан-теңіз. BoomBites компаниясы Red Berry жүзімінің жаңа сорты ұсақ және жұмсақ жүзімнің түрлі комбинацияларынан тұратынын атап өтті. Антоциандардан басқа, жүзімде ресвератрол бар - жүзім, құлпынай, т.б. түрлі жемістерде кездесетін тағы бір табиғи полифенол турасында сөз болып отыр бұл арада. Ол антиоксидантты келеді және қабынуға қарсы емдік қасиетімен танымал. BoomBites мәліметі бойынша Мурсия университетінің ғалымдары инновациялық қызыл жүзімде көгілдіріне қарағанда үш есе көп ресвератролдың болатынын анықтаған.


https://islam.kz/kk/news/arturli/ispandyqtar-jana-jemis-usyndy-syrty-juzim-ishi-shie-22295/#gsc.tab=0

 

Поделиться: