Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 сентября 2024

309

Новости

«КАСПИЙ ҚҰС» ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында орналасқан «Ақтау-Агро» кәсіпорнының «Каспий құс» фабрикасында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы орындады.

Маңғыстау облысындағы бройлер тауықтарын өндіретін бірден-бір ірі құс фабрикасы – «Ақтау-Агро». Құс фабрикасы 3 үлкен алаңнан тұрады: инкубатор алаңы, құс қорасы, ғылыми зертхана мен ветеринарлық пост бар. Аудит барысында құс фабрикасының «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, сақтауға тасымалдауға және сатуға қойылған жалпы талаптар стандартын» толықтай сақтайтыны анықталып, тексеріс оң нәтиже көрсетті», – дейді жауапты маманмыз.


Поделиться: