Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

16 октября 2025

16

Новости

«КУЛИКОВСКИЙ» ЖӘНЕ «АЛМАТЫ НАН» КӘСІПОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы қаласындағы «Куликовский» кондитерлік цехы мен «Алматы нан» нан комбинатында бақылау-қадағалау шаралары орындалды. Тексеріс жұмыстарын «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Терлікбаев Өміржан және технологтар Гүлмира Маратқызы, Әселхан Сыдық орындады.

Аудит кезінде технологтар өндірістік цехтардағы құрал-жабдықтардың тазалығы мен бөлек сақталуын, шикізаттың жеткізушілері мен олардың сертификаттарын, дайын өнімнің қапталуы мен сақтау жағдайларын егжей-тегжейлі зерттеді. Әрбір кезеңде халал талаптарының толық орындалуына ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, қызметкерлермен кездесіп, олардың халал стандарттары талаптарын меңгеруі мен өндірістік тәртіпті сақтау жауапкершілігі талқыланды. Тексеру барысында анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша нұсқамалар беріліп, түзету шаралары ұсынылды. Нәтижесінде кәсіпорындардың жалпы жұмысы оң бағаланып, халал талаптарына сай екені расталды. Ал кейбір нысандарға өндірістік процестерді одан әрі жетілдіру және ішкі бақылау жүйесін күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, «QMDB Halal» таңбасын заңсыз қолданған кәсіпорындарға да барып, түсіндірме жұмыстарын өткізді.  Осыған байланысты заңсыз пайдаланылған «QMDB Halal» белгілерін дереу алып тастау және бұдан былай рұқсатсыз қолданбау туралы ресми ескерту берілді.  Сонымен бірге, кәсіпорын басшыларына халал сертификатын заңды түрде алу тәртібі түсіндіріліп, қажетті құжаттар мен талаптар жөнінде ақпарат ұсынылды. 



Поделиться: