Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 января 2021

416

Новости

"MAKI-MAKI" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Тараз, Қаскелен, Талғар қалаларындағы «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.** Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген «Eldos.kz» кәсіпорнының басшысы, белгілі вайнер Елдос мырзаға «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. Жақында ғана «ҚМДБ халал» логотипін заңсыз пайдаланды деп жарияланған «Maki Maki» фаст-фуд өнімдері «Халал Даму» мамандары тарапынан толық тексерістен өтіп, «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылды. Сертификаттаудан өткізу үшін «Халал Даму» технологтары мен инспектор-контролер мамандар «Maki-maki» дәмханасында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. «Маки-Маки» фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз! "Маки-маки" кәсіпорнына берілген "ҚМДБ халал" сертификаттың жарамдылық мерзімі: 15.01.2021-14.01.2022 ![0446 Eldos.kz.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/524/5f3/6005245f3ca6c640771925.jpg) ![_48A9661.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/520/1fc/6005201fcd62d474859246.jpg) ![_48A9665.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/520/270/6005202700d91554109777.jpg)

Поделиться: