Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

15 мая 2025

20

Новости

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМДА

XVI халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanForum 2025» аясындағы «2030: Халяль индустриясының стратегиясы» сессиясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Мұқатай Ермек Қасболатұлы баяндама жасады. Халал саласындағы өзекті мәселелер мен болашақ даму бағыттарына арналған сессияға SMIIC, GCC Accreditation Centre, JAKIM, BPJPH сияқты беделді халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Ермек Қасболатұлы «Халал индустрия: діни талаптар мен экономикалық мүмкіндіктер» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде халал ұғымының діни негіздерін түсіндіріп, өнім мен қызмет түрлерінің шариғатқа сай болу маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, халал индустриясының халықаралық нарықтағы орны мен мұсылман елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтудағы рөлін атап өтті.

Сессияда 2025–2030 жылдарға арналған халал индустриясының даму стратегиясы, халықаралық ынтымақтастық, стандарттарды өзара тану және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қызу талқыланды.

 

Поделиться: