Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

12 июня 2025

31

Новости

ҚОРДАЙДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы бірқатар кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, «Алға» қасапханасы, сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген «Бастау Снаб» қасапханасы, сондай-ақ, «Қордай» сүт өндірісі тексерілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, технолог Аблайхан Кәріпбаев орындады.

Тексеру барысында қасапханалардың мал сою үдерісі, қолданылатын құрал-жабдықтар, сою алдында және кейінгі санитарлық тазалық, малдың халал талаптарына сай таңдалуы жан-жақты қаралды. Әсіресе, «Бисмиллә» айтылып, қолмен бауыздалуы секілді діни шарттардың сақталуына ерекше мән берілді.

Сондай-ақ, «Қордай» сүт өндірісінде шикізаттың тазалығы, қосымша қоспалар мен технологиялық процестердің шариғат талаптарына сай болуы мұқият зерделенді. Кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халал стандарттарының маңызы мен талаптары бойынша кеңес берілді.

Аудит қорытындысында бірқатар оң нәтижелер тіркеліп, стандарттарға сәйкес ұсыныстар мен нұсқаулықтар берілді. Сондай-ақ, «Қордай» сүт фабрикасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

Поделиться: