Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

25 июня 2025

23

Новости

ҚОСТАНАЙДА АЙЛЫҚ АУДИТ

Қостанай облысындағы кәсіпорындарда кезекті айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен жергілікті өкіл Алишер Балахмет орындады. Аудит барысында «Terra meat», «Агро продукт», «Beef export» қасапханалары, «Юрта» дәмханасы, «Technology Park» тағамдық қоспалар өндірісі, «Садчиков» ірімшік өндірісі тексерілді.

Аудиттің басты мақсаты – кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету және өндіріс процесінде талаптардың сақталуын бақылау. Атап айтқанда, шикізаттың тазалығы, ингредиенттердің құрамы, технологиялық жабдықтардың санитарлық жағдайы, құжаттамалардың жүргізілуіне ерекше мән берілді.

Сонымен қатар, өндіріс орындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің халал стандарттары жөніндегі білімі мен жауапкершілік деңгейі де назардан тыс қалмады. Аудит барысында анықталған ескертулер мен ұсыныстар бойынша кәсіпорындарға тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, стандарттарға сәйкестендіру жолдары көрсетілді. Тексеру нәтижесінде талаптарға сай жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар оң бағаланып, халал стандартын жоғары деңгейде сақтап отырғандары үшін алғыс білдірілді.

Поделиться: