Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

05 мая 2025

85

Статьи

ШОРТАН, ЛАҚА, ЖЫЛАН БАЛЫҚТЫ ЖЕУГЕ БОЛА МА?

Ханафи ғұламаларының айтуы бойынша, балық пішіндес емес, балық атаулыға жатпайтын су жануарларының еті халал емес. Сондықтан да, ат балық (морские коньки), су шошқасы, су шаяны т.б. жеуге болмайды. Бірақ, жылан балықтың еті халал. Және шортан балығы да балық тәріздес су хайуаны болғандықтан, оның да еті адал деуге негіз бар.

Жайын балығына келер болсақ (майдасын лақа дейді), сахаба Абдулла ибн Аббастың: «…Жайынды (арапшасы - әл-жиррии) яхуди дініндегілер жемейді. Ал біз жейміз», - дегендігі хадис кітаптарында келтірілген. Ханафи ғұламасы Имам Сарахси өзінің атақты фиқһ кітабында жылан балығы мен жайын туралы былай дейді: «Барлық балық түрлері халал. (Мысалы): Жайын балығы, жылан балығы және басқа (балық тектестер) - халал мәселесінде теңдей».

Ханафи мәзхабынан өзге мәзхабтар су хайуандарынан жасалған өнім түрлерінің шеңберін кең алған. Мысалы, Шафиғи мәзхабында, құрбақа мен қолтырауыннан басқа су хайуандарының көпшілігі - адал. Балық тәріздес болуы шарт емес. Мәлики мәзхабы мен Ханбали мәзхабында да үкімі осы.

Поделиться: