ТАЛҒАР: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Рақымберген қажы» мешітінің әйел жамағатына халал турасында оқу-семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.
Семинар барысында қатысушыларға халал және харам ұғымдарының шариғи негіздері, тағам мен тұрмыстық өнімдерге қойылатын талаптар, сондай-ақ халал сертификаттаудың маңызы мен кезеңдері туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Жанәбіл Жұмабеков өнімнің халал стандарттарына сәйкестігін анықтау жолдары, күмәнді қоспалар мен құрамдарға назар аудару қажеттілігі жайында түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.






