Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

10 сентября 2025

44

Новости

ТАЛҒАРДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы облысы, Талғар ауданында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев, технологтар Әселхан Сәбитқызы мен Жансая Шалқарқызы орындады. Аудит барысында «Аку Алатау», «Ozuyrt food», «Sigara borek», «Fitness food» кәсіпорындары тексерілді.

Тексеріс барысында өндіріс орындарының құжаттамалары, шикізат жеткізушілердің сертификаттары, өндірістік цехтардың санитарлық жағдайы және өнімнің халал стандартына сәйкестігі қадағаланды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау, шикізаттың тазалығы мен қоспалардың дұрыстығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, аталған кәсіпорындардың көпшілігі стандарт талаптарына сай жұмыс істейтіні байқалды. Дегенмен, кейбір бағыттар бойынша ескерту жасалып, оны дер кезінде түзету бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Поделиться: