Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

14 ноября 2025

21

Новости

ТАЛДЫҚОРҒАН: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Талдықорған қаласы, «Иман» орталық мешітінде жамағатқа халал турасында уағыз-насихат айтылды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай шариғаттағы халал мен харам ұғымдарының мән-мағынасына тоқталып, мұсылман өмірінде адал ас тұтынудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.

Уағыз барысында ол тағам өндірісінде жиі кездесетін күмәнді қоспалар, олардың шариғаттағы үкімі, сондай-ақ азық-түлік пен дайын тағамдарды таңдауда сақтық қажет екені жайлы нақты мысалдармен бөлісті. Кәсіпорындарды сертификаттау кезеңдері, бақылау жұмыстарын жүргізу тәртібі және халал стандарттарының талаптары туралы толық ақпарат берілді.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтар да жан-жақты талқыланып, халал таңбасының заңды қолданылуын тексеру, сенімді ақпарат көздерін пайдалану, өнімнің құрамын оқу  сынды мәселелер қозғалды.

Поделиться: