Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 апреля 2024

349

Новости

АҚТӨБЕ: «МАНТЫ ОТ ЖАНАТ» КӘСІПОРНЫНА СЕМИНАР

Ақтөбе қаласындағы «Манты от Жанат» жартылай фабрикат дайындайтын кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізілді. Семинарда жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы дәріс оқыды.

«Ақтөбе қаласындағы «Манты от Жанат» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған. Халалға ерекше ден қойған, үздіксіз даму мен жетілуді мақсат тұтқан кәсіпорын қызметкерлері шариғаттағы халалдың маңызы, халал стандарты талаптары мен ерекшеліктері жөнінде дәріс тыңдады. Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, өнімдерге қосылатын тағамдық қоспалар, тұтынушыларға халал ас ұсынудың маңыздылығы, халал стандарттау және сертификаттаудың мақсаты мен жауапкершілігі жөнінде толығырақ түсіндірілді», – деп хабарлайды маманымыз.

Поделиться: