Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

17 ноября 2025

11

Новости

ТҮРКІСТАН: «АЙЖАМАЛ ТӘТТІЛЕРІ» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы «Айжамал тәттілері» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» технологы Аружан Аралбай бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, сертификатты ресми түрде табыстады.

Жаңарту жұмыстары барысында өндіріс орындарындағы технологиялық процесс, қолданылатын шикізат пен қоспалардың құрамы, дайын өнімдердің сапасы және қауіпсіздік талаптарының орындалуы жан-жақты тексерілді. Әсіресе кондитерлік өнімдерде жиі қолданылатын желатин, эмульгатор, бояғыш және басқа да қоспалардың халал талаптарына сәйкестігі ерекше назарға алынды.

Сонымен қатар, қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау деңгейі, шикізат қабылдау және сақтау тәртібі, құрал-жабдықтардың тазалық стандарттарына сай болуы да мұқият бақылаудан өтті.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның халал талаптарын тұрақты сақтап келе жатқаны анықталып, сертификат мерзімі ресми түрде ұзартылды. «Айжамал тәттілері» тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды жалғастыруға міндеттелді. «Халал Даму» өкілдері алдағы уақытта да мониторинг жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, халал стандарттарының толық орындалуын қадағалайтынын атап өтті.

Поделиться: