
ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
Түркістан облысы, Жетісай қаласындағы «Әт-Тақуа» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Адал ас – жан азығы» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Шараны сектор ұстазы М.Қалдыбаева ұйымдастырды.
⠀
Кездесудің басты мақсаты – адал мен арамның ара-жігін ажырату, сондай-ақ адал ризықтың адамның рухани дүниесі мен күнделікті өміріне тигізетін әсерін түсіндіру болды.
⠀
Шара барысында Қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистеріне сүйене отырып, мұсылман өміріндегі адал астың маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар күнделікті тұтынатын тағамдардың тазалығына, шариғат талаптарына сай болуына мән беру қажеттігін атап өтті.⠀
Ұйымдастырушылар мұндай тағылымды кездесулердің қоғамдағы рухани тәрбиені нығайтып, адалдыққа үндейтінін жеткізді.