Центр стандартизации и сертификации «Халал Даму»
при Духовном управлении мусульман Казахстана

29 января 2025

37

Новости

ТҮРКІСТАНДА АЙЛЫҚ АУДИТ

«Халал Даму» технологы Аружан Аралбай мен жергілікті өкіл Мұстафа Құлымбетов Түркістан облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит шараларын жүргізді. Атап айтқанда, сертификат алуға өтініш білдірген «Құрмет» дәмханасы, «Тандыр», «Аю фуд» тамақтану орындары, «Daily Food» жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорын тексеріліп, тексерістің оң нәтижесінен кейін кейбір кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

Аудит барысында әрбір нысанда өндірістік процестер, қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау шарттары және дайын өнімдердің халал стандарттарына сәйкестігі жан-жақты зерттелді. Технолог кәсіпорындарда тазалық талаптарының сақталуын қадағалап, тамақ дайындау барысында шариғат қағидаларының орындалуын тексерді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал талаптары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті ұсыныстар берілді. Сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген кәсіпорын басшылығына өндіріс процесін халал стандарттарына толықтай сәйкестендіру қажеттігі ескертілді.



Поделиться: