Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 мартa 2024

273

Новости

«ЫҚЫЛАС» ҚАРИЛАР ОРТАЛЫҒЫНДА СЕМИНАР

Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар орталығының қыздар бөлімінде «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» технологы Аружан Аралбай халал стандарт талабы мен өндіріс технологиясы жөнінде дәріс оқыды.

Семинарда халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, дәрі-дәрмек құрамындағы халал және харам қоспалар, кондитерлік өндірісінде кездесетін күмәнді қоспалар мен олардың өндірісі жөнінде баяндады. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліп, ауызашар мен сәресінде халал азық-түлік тұтынудың маңызы жеткізілді. Семинар соңында, медресе ұжымы шәкірттердің білімін жетілдіруге мүмкіндік берген «Халал Даму» ұйымына алғыс білдірді.




Поделиться: