
ЖАҺАНДЫҚ ХАЛАЛ ТУРИЗМ РЕЙТИНГІСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Mastercard және CrescentRating бірігіп жариялаған мұсылман саяхатшыларының жаһандық индексінде (GMTI) биыл Малайзия көш басынан көрінді. Дәлірегі, ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге қатысты түзілген.
Бұл рейтингте оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен осынау мұсылман елі 79 ұпаймен алға шыққан. Соның ішінде мұсылман туристеріне арналған инфрақұрылымымен, қызмет түрлерімен бірінші орынға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы HESPRESS English - Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал бұл тізімде екінші орынға Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері 78 ұпаймен жайғасқан екен. Одан кейінгі орындарға Парсы шығанағы елдері иек артқан. ИЫҰ құрамына кірмейтін Сингапур 11 орынға табан тіреген. Марокко 70 ұпаймен 12-ші орыннан көрінген.