
«ЭМИЛЬ» БАЛМҰЗДАҚ ФАБРИКАСЫНДА ТЕКСЕРІС
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Мейіржан Бауыржанұлы Өскемен қаласындағы «Эмиль» балмұздақ фабрикасында айлық аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорынның халал стандартына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, өндіріс процесі, шикізат пен қосымша ингредиенттердің талаптарға сай болуы қадағаланды. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлеріне халал өндірісінің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде бірқатар ұсыныстар беріліп, кәсіпорынның халал сертификатына сәйкестігін сақтау бойынша нұсқаулар айтылды. «Эмиль» сүт зауытының өкілдері халал талаптарын қатаң сақтайтынын және тұтынушыларға сапалы өнім ұсынуға мүдделі екенін атап өтті.