Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 ақпан 2025

724

Жаңалықтар

РАМАЗАН ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен шын ықыласпен құттықтаймын! Рамазан – бірлік пен бауырмалдықты арттыратын, жүректерге иман нұрын құйып, сабыр мен шүкірді үйрететін берекелі ай.

Сіздер халыққа халал және сапалы өнім ұсынып, қоғамның адал өнім тұтынуына үлес қосып келесіздер. Халал кәсіп – адалдық пен жауапкершілікке негізделген, Алланың разылығына жетелейтін берекелі іс.

Қасиетті Рамазан айында жасаған құлшылықтарымыз, қайырымдылықтарымыз және адал еңбектеріміз мол сауапқа кенелтсін. Қасиетті айда ұстаған оразамыз, дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымыз қабыл болғай! 



Ізгі тілекпен,
«Халал Даму» директоры
Айбек Асқарбекұлы

Бөлісу: