
«РАМАЗАНДАҒЫ АДАЛ АСТЫҢ МАҢЫЗЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Рамазан айындағы адал астың маңыздылығы» атты әйел жамағатына арналған семинар өтті. Семинарда «Халал Дамудың» технологы Жанат Ахметқызы мен «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы дәріс оқыды.
«Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызы халал өнімдердің технологиясы туралы кеңінен түсіндіріп, олардың дайындалу үдерісі, шариғат талаптарына сәйкестігі және сертификаттау кезеңдері жайында мағлұмат берді. Ол сонымен қатар адал өнімдерді таңдауда тұтынушыларға пайдалы кеңестер ұсынып, халал таңбасын дұрыс ажырату жолдарын көрсетті.
Ал «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Берікболқызы Рамазан айында дұрыс тамақтанудың діни және рухани мәніне тоқталып, әйел жамағатына ораза ұстау кезінде денсаулықты сақтау, пайдалы әрі халал өнімдерді тұтыну жөнінде кеңестер берді. Семинар соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптар бойынша толыққанды жауап алды.