Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 ақпан 2025

129

Жаңалықтар

«ӨСКЕМЕН ҚҰС ФАБРИКАСЫ» ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» ұжымының Шығыс Қазақстан облысына іс-сапары барысында «Өскемен құс фабрикасы» тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Ақсарбекұлы, технолог Мейіржан Баурыржанұлы, жергілікті маман Еламан Ержанұлы орындады.

Тексеру барысында кәсіпорынның өндірістік процесі, шикізат құрамы, сақтау шарттары, құрал-жабдықтардың тазалығы және өндірістік тәртіптің халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты қарастырылды.

Сонымен қатар, фабрика қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы семинар жүргізілді. Кәсіпорын өкілдері өндіріс барысында халал талаптарын қатаң сақтайтындықтарын атап өтіп, «Халал Даму» ұйымымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

Аудит нәтижесінде фабриканың халал стандарттарына сәйкестігі расталып, тиісті қорытынды шығарылды.

Бөлісу: