Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 мамыр 2020

3477

Мақалалар

СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ

Cүт және сүт өнiмдeрi күндeлiктi тұтынaтын өнiмдeр қaтaрынa жaтaды. Уaқыт өткeн caйын cүт өнiмдeрiнiң aлуaн түрi oйлaп тaбылып жaтыр.

Сүт тез бүлінетін өнімдер қатара жататындықтан, өндіріс орындарында тұтас табиғи шикізатпен қоса, түрлі қоспалар, соның ішінде ашытқылар, қоюлатқыш агенттер, түс беретін бояулар және т.б заттар қолданылады.

Сүт және сүт өнімдерін таңдау барысында төмендегі қоспаларға назар аударыңыздар:
1. АШЫТҚЫ
Ашытқы - ірімшік, сүзбе, йогурт, кефир және т.б сүтқышқылды өнімдер дайындау барысында қолданылады.

Егер де, "жануар текті фермент", "фермент" деген жазуды көрсеңіздер, тұтынбағандарыңыз жөн.
Себебі, жануар текті фермент - көп жағдайда доңыздар мен ұсақ малдардың ішкі мүшелерінен (ұлтабар) алынады.

Доңыздан алынған жағдайда нақты харам, басқа жануарлардан алынған кезде - шариғат талаптарына сәйкес сойылған болу қажет.

Микробиологиялық, бактериологиялық ашытқы
Шариғат талаптарына қайшы емес, сондықтан осындай жазуы бар сүт өнімін қолдансаңыздар болады.

2.ЖЕЛАТИН
Өнімнің консистенциясын тұрақты сақтап тұратын эмульгатор ретінде қолданылады.
Желатин - малдың, көп жағдайда доңыздың сүйегін, терісі мен шеміршегін қайнату арқылы алынатын қоспа.

Доңыздан алынса харам, ал басқа малдардың мүшелерінен алынған жағдайда, шариғат талаптарына сай сойылу қажет. Алайда, дүкен сөрелерінде тұрған өнімдердің құрамында желатиннің қайдан алынғаны көрсетілмейді, сондықтан сақтанғандарыңыз абзал.

Желатинді алмастырушылар: пектин, агар-агар, крахмал

3.ЖАНУАР ТЕКТІ ҚОСПАЛАР
Сүттің майлылығын жоғырылату мақсатында қолданылатын май алмастырғыштар - күмәнді

4.ҚҰРҒАҚ СҮТ (СУХОЕ МОЛОКО)
Құрғақ сүт - сүтті жоғары температурада пастерилизациялап, кептіру арқылы алынады. Бірақ, оның сақтау мерзімін ұзарту үшін қүрамына түрлі қоспалар қосатындықтан күмәнді.

5.КАРМИН (Е 120)
Кошениль жәндігінен алынатын рұқсат етілмейтін бояу.
Кармин - көп жағдайда йогурт, кефир құрамында кездеседі.

Сүт өнімдерін таңдау барысында жануар текті фермент, құрғақ сүт, желатин, кармин, сүт майын алмастырғыштардың болмауына аса назар аударыңыздар!

"Халал Даму" ЖШС
технологы Еркетаң Мақсұтова

Бөлісу: