Протеин халал ма?
Спортпен айналысатын спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың тағам рационында спорттық қоспалар болатыны белгілі.
Бүгін солардың ішінде ең әйгілі болып табылатын протеин қоспасын талдаймыз.
⠀
Протеин дегеніміз - ақуызды заттар. Яғни ағзаның құрылыс материалдары болып табылады.
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Табиғатта жануар, өсімдіктерде кездеседі.
⠀
"Спортшылар не үшін протеиндерді қабылдайды?",- деген заңды сұрақ туындайды. Кез-келген спортшы өз дене бітімін, сымбатын сақтау, шынықтыру, бұлшық ет массасын жинау, төзімділікті арттыру мақсатында қабылдайды.
⠀
Қазіргі таңда нарықта протеинді қоспалардың 4 түрі белгілі:
⠀
1.Сүт сарысуынан өндірілетін протеин;
2.Жұмыртқа ақуызынан;
3.Өсімдіктерден (соя, күріш, бұршақ т.б)
4.Балықтардан
⠀
Сүт сарысуынан өндірілетін протеин күмәнді болып есептеледі. Өйткені, сүзбе, ірімшік өндірісінен қалған сүт сарысуында күмәнді ұлтабарлы (сычужды) ферменттер болады. Сол себептен сүт сарысуы күмәнді. Бұл жөнінде алдыңғы постта айтылған болатын.
⠀
Ал егерде сиыр сүтінен қалған сарысудан өндірілсе, онда рұқсат етіледі. Ондай протеин казеинді деп аталады.
Оның ағзаға сіңуі ұзақ уақытты алады. Протеинді мөлшерден тыс қолдану, бауыр мен бүйрекке зақым келтіріп, аллергия туындыруы мүмкін.
⠀
Кең көлемде сатылымда жүрген протеинді қоспалардың құрамына зер салып қарайтын болсақ, қосымша заттар ретінде зиянды бояғыштар, консерванттар, ароматизаторлар қосылғандығын көреміз.
Олар өз кезегінде ағзаға айтарлықтай зиян тигізері анық.
⠀
Қорыта айтқанда, протеинді қабылдау қабылдамау адамның өз еркінде. Білікті дәрігерлердің бақылауымен ғана протеин өнімдер пайдаланған абзал. Ақуыздың мөлшерін толық толықтыратын тағам рационын байытып, дұрыс тамақтануды қолға алған жөн.
Айжан Омарова
"Халал Дамудың" бас технологы