Адам ағзасын ерте қартайтатын азықтар
Бұл тағамдар адам денсаулығына зиян болғаны өз алдына, жастығыңызбен сұлулығыңызды ұрлайды. Бірден бас тартыңыз немесе жиі қолданбауға тырысыңыз.
1. Зиянды азық қант. Ағзадағы қант мөлшерінің көптігігі химиялық реакцияны топтастырады. Стресстөзімділікті азайтады, қартаю үдерісін ұлғайтады. Егер сізді үнемі тәттіге тартып тұратын болса, хром, марганец, магнийі бар тағамдар (дақылдар, асқабақ) жеңіз. Ағзадағы бір минералдың жетіспеуінің өзінен сіздің тәттіге құмарлығыңыз артады. Қант орнына одан да тәттірек, зияны жоқ стевияны қолданып көріңіз. Семіздік пен диабетпен ауыратын адамдар үшін қажетті азық.
2. Кофе. Тез сергітетін хош иісті сусын кофе зиянды тағамдар қатарында. Ол терінің құрғауына алып келіп, әжімнің ерте шығуына себепкер. Егер одан бас тарта алмасаңыз, мөлшерін азайтуға тырысыңыз, ағзаңыздағы баланс қалпын бұзып алмау үшін кофені әр ішкеніңізден кейін 3 стақан су ішіп отырыңыз.
3. Спиртті ішімдіктер. Ең зиян азықтың алдыңғы қатарында алкоголь. Әжім, терінің құрғауы, бет терісінің қараюы – бәрі-бәрі ішімдікке деген құмарлықтың кесірінен. Біздің организміміз алкогольді у ретінде қабылдайды және одан тез құтылуға тырысады екен. Спиртті ішмідіктер денсаулыққа кері әсер бергенімен қоймай, С, Е сынды теріні сақтап тұратын дәрумендерді жояды.
4. Тұз. Ағзаға тұз керек, алайда, күніне 1,5 гр-нан көп емес. Тұзды мөлшерден тыс пайдалана отырып, судың ағзада қорытылуына кері әсерін береді. Сондықтан да, көздің асты ісініп қапшық тәрізді болып қалады. Оның орнына басқа да дәмдеуіштер пайдаланып көріңіз, ал салатты лимон сығындысымен де әзірлесеңіз болады.
5. Грильде әзірленген тағам. Лондон ғалымдарының айтуынша, гриль тағам терінің тез қартаюына алып келеді. Грильде дайындалған тағамда зиянды молекулалар пайда болады. Оның зияны дәл қуырылып жатқандағындай болады екен. Сондықтан, егер организміңізге зиян болмасын десеңіз, рационыңызда бұқтырылған, қайнатылған тағамдар болсын. Олардың денсаулыққа пайдасы мол. http://www.muslim.kz/article/adam-agzasyn-erte-qartayitatyn-azyqtar-20200110040809