Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 желтоқсан 2025

15

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «НАУРЫЗ АГРО» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ

Алматы қаласындағы «Наурыз Агро» құс фабрикасында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Өміржан Терликбаев орындады.

Аудит барысында өндірістік үдерістердің халал талаптарына сәйкестігі, шикізаттың шығу тегі, құжаттамалардың дұрыс жүргізілуі, санитарлық-гигиеналық жағдайы және технологиялық тәртіптің сақталуы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал стандарттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған ескертулер мен ұсыныстар фабрика басшылығына жеткізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынның халал талаптарын орындау деңгейі бағаланып, алдағы уақытта стандарттарды одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты ұсынымдар берілді.

Бөлісу: