Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 желтоқсан 2025

25

Жаңалықтар

«TAGAM FABRICA» ЖӘНЕ «RAMAZAN QUS» КӘСІПОРЫНДАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласындағы «Tagam fabrika» жартылай фабрикаттары мен «Ramazan Qus» фабрикасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.

Сертификаттау барысында кәсіпорындарда өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай, сондай-ақ дайын өнімнің сапасы жан-жақты тексерілді. Аудит нәтижесінде барлық талаптардың қатаң сақталатыны анықталып, ешқандай ескерту тіркелген жоқ.

Аталған кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаттарының табысталуы тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің қауіпсіз әрі халал талаптарына сай екендігін растайды және отандық халал өнім нарығындағы сенімділікті арттыра түседі.

Бөлісу: