Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 желтоқсан 2025

8

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы қаласындағы «Salam Bro» дәмханасы мен «Spa Sky» емдік-профилактикалық өнімдеріне «QMDB Halal» сертификаты табысталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев бастаған мамандар тобы кәсіпорындар аумағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өндіріс пен дайын өнімдердің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.

Аудит барысында шикізат көздері, өндірістік үдерістер, санитарлық-гигиеналық жағдай, сақтау және тасымалдау талаптары жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен ішкі бақылау жүйесінің халал стандарттарына сәйкестігі де назарға алынды.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған нысандардың барлық талаптарды сақтайтыны анықталып, кәсіпорын өкілдеріне «QMDB Halal» сертификаты салтанатты түрде табысталды. Бұл сертификат тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің шариғат талаптарына сай әрі қауіпсіз екенін растайды.

Бөлісу: